Балгер, құмалақшы, бақсы, тәуіп, балшы, жауырыншы, құшнаш, диуана, шайқы

lat: Balger, qumalaqshy, baqsy, táýip, balshy, jaýyrynshy, qúsh- nash, dıýana, shaıqy kóne.

Бал ашып, ем-дом жасайтын діндар адамдар.

Балгерге бал аштырып, бақсы ойнатып, Қалмаған құмалақшы айырмаған (I. Жансүгіров).

Шешесі құмалақшы әжейге апта сайын барып, әскерден қайтуы жақындаған ұлына құмалақ аштырып жүрді («Лен. жас»). 

Бақсылардың қинауынан, ажалынан бұрын өлген адамдардың балалық шақта талайын көрдік (С. Мұқанов).

Тәуіп кемпір үшкіріп, дем салып жүргенмен, науқастың беті әлі бері қарайтын емес (М. Дүйсенов).

Атам ауылдың басындағы балшы кемпірге құмалақ тарттьірмақ болды (Ә. Қыстаубаев).

Адамдардың келешегін болжап біле алатын жауырыншылар бұл күндерде ара-түра кездесіп қалады (X. Ақназаров).

Ауырсақ бақсы мен құшнашқа шауып келдік бұдан бұрын (А. Жүнісов).

Арада осындай күлкіге батырып жүретін шайқы болмаса, ажарлы топтың ойын-күлкісі де өрбімес еді (Ө. Күмісбаев).